• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 22:58:10
Алматы
+35°

15 Ақпан, 2019 NEWS

Абаев БАҚ-тағы дауға қатысты пікір білдірді

Абаевтың айтуынша, мұндай ережені ұсынған БАҚ-тағы бас редакторлардың өздері екен.

ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев аккредитацияның жаңа ережелері жайында «Хабар» телеарнасындағы «Ашық сұхбат» бағдарламасында айтып берді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Абаевтың айтуынша, мұндай ережені ұсынған БАҚ-тағы бас редакторлардың өздері екен.

«Біз ешқандай ережені қатаңдатпадық. Ол ережелер 2013 жылы қабылданып қойған. Біз тек аккредитация бойынша екі пункт енгіздік. Біріншісі – журналистің қандай да бір шараға қатысуы үшін регламенттің сақталуына жазбаша келісімі керек. Бұл, меніңше, қалыпты практика. Сіз мұражайға, кітапханаға барғанда, негізгі ережелерді сақтайсыз ғой? Мемлекеттік органдармен де солай. Әрқайсысының өз регламенті бар. Оны орындаудың еш қиындығы жоқ», - деді ол.

Ал аккредитация ережесіне енгізілмек екінші пункт – журналиспен бірге БАҚ-пен келісімін нақтылайтын құжаттың көшірмесі болуы міндетті. Абаев мұндай бастамаға кейбір бас редакторлар себепкер болғанын айтады. Себебі, көп жағдайда журналист ешбір редакцияда жұмыс істемегенімен шараларға сол ұйымның журналисі ретінде қатыса береді екен.

«Журналистер бұл ережелерге жаппай қарсылық танытып жатыр. Әр аккредитация сайын еңбек келісімшартын беруге қарсы. Біріншіден, бұған тек жұмыс істейтін орыннан анықтама, қызмет көрсету туралы келісім және еңбек келісімшарты. Екіншіден, журналист бұларды күн сайын алып жүрмейді. Осы ережелерге сай, барлық шараға аккредитация жылына бір рет қана болады. Бұл журналистің де, мемлекеттік органның да процедурасын қысқартады», - деді министр.

 Нормативтік құқықтық актілер электрондық базасында ақпанның 13-күні жарияланған бұйрық жобасында министрліктің 2013 жылғы маусымдағы "журналистерді аккредитациялау қағидаларын бекіту туралы" №138 бұйрығына бірқатар толықтыру енгізу қарастырылған.

Құжат жобасы бойынша, іс-шарадан хабар дайындайтын журналист аккредитация беруші мекемеге жеке бас куәлігінің көшірмесін тапсырып, мекеменің ішкі тәртібін сақтауға және модератор белгілеген регламенттің сақталуына жазбаша келісім беруі және журналист пен БАҚ арасындағы келісім-шарттық қарым-қатынастың барын растайтын құжат көшірмесін ұсынуы тиіс.

Егер тілшіде осы құжаттар жетіспеген жағдайда немесе өтiнiштiң мазмұны талаптарға сәйкес болмаса, сонымен бірге жиын, отырыстар мен басқа да іс-шаралар өтетін ғимаратта журналистерді орналастыру мүмкіндігі болмаған жағдайда мекеме журналисті тіркеуден бас тартуы мүмкін екені айтылған.

Ұсынған: Гүлім Жақан

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір