• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 04:24:31
Алматы
+35°

14 Наурыз, 2019 Ғылым-білім

8 сынып оқушысы: Мен өлсем, басқа адамдарға жақсы бола ма?

Өміріңізді қиюға соңғы рет әрекет жасағанда қандай әдісті қолдандыңыз?

БҰҰ-ның ЮНИСЕФ балалар қоры әзірлеген бағдарламаға қатысты Қызылорда облысының тұрғындары арасында дау туды. Бұл жоба негізінен мектептегі суицитті тоқтауға бағытталғанымен статистика балалардың өз-өздеріне қол жұмсауы көбейгенін көрсетіп отыр деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бұл мәселеге мектеп психологі Ләззат Шәуенова көңілі тоймайтындығын айта отырып, пилоттық жоба жемісін берсе 2017 жылы Қызылорда облысы бойынша 6 бала екен өз-өзіне қол жұмсаған, ал енді 2018-де ол 13-ке көтеріліпті. Бұл сонда жеміс берсе неге соншалықты көтеріледі. Соған қарағанда мен ешқандай жеміс берді деп ойламаймын деген пікір білдірді. 

Өміріңізді қиюға соңғы рет әрекет жасағанда қандай әдісті қолдандыңыз?

Қызылорда облысында 8-10 сыныптарда оқитын оқушыларға берілген сауалнамада осындай сұрақтар кездескен. 

«Сегізінші сыныпта оқитын ұлым үйге келіп, әкесінен сауалнама жүргізілгендігі жайында өз ойын айтты. Ең соңғы сұрақ қана есімде қалып тұр, Мен өлсем басқа адамдарға жақсы бола ма деген сұрақты неге осындай сұрақ қойылған — деп әкесінен сұрады. ЮНИСЕФ-тің дәл осындай сауалнама жүргізгендігіне ата-ана ретінде біз қарсы болып отырмыз  — дейді ата-ана Мейрамгүл САПАРБАЕВА.

«Мен өзім ана болғандықтан, ҚР-ның азаматы болғандықтан баланың психологиясын бұзатын сұрақтарды қоймау керек қой деп ойлаймын. Айтады ғой адамның миында болса ол тұқым дейді, оны егер де тұқымды ексе ол әрі қарай өседі. Сондықтан ешқандай жаман ойды салмау керек — дейді тағы бір ата-ана Шарбану ЖАРКЕНОВА

 Ата-ананың сөзімен маман да келіседі.

«Өзің ашуланған кезде өзінің өмірден бас кешкен уақытын болды ма немесе қандай жолды таңдар едің басынан өткен кезде» деген сияқты балаға ауыр тиетін сұрақтар бар. Білмеймін енді, бұл әдістемені ЮНИСЕФ пилоттық жоба етіп бізге енгізді ғой. Бірақ қазақтың менталитетінде қаншалықты бұл мүмкін, біздің балалар бұл сұрақтарға жауап беруге дайын емес шығар, бұл енді сырттан келген дүние ғой түп нұсқасы қазақтан келген жоқ. Біздің балалар мүмкін бұған дайын емес шығар. Енді балаға кәдімгідей қиындық келтіреді», — дейді Жаңақорған ауданы, Келінтөбе ауылының №192 мектебінің психолог мұалімі Ләззат Шәуенова.

Жасөспірімдер арасындағы суицид мәселесі күрделі екендігін айтқан облыстық білім басқармасының басшысы  Майра Беделханова жаңа бағдарлама жайлы сұхбат беруден бас тартып,  «Сіз  күте тұрыңызшы. Мен ішкі мәселеге байланысты жауаптылармен сөйлесіп келейін. Қазір мен өзіңізбен сөйлесіп алайыншы. Шыға тұрыңыздар»,- деп басын ала қашқан.

Өз-өзіне қол салуы мүмкін деген оқушыларды анықтаймыз деген қызылордалық психологтар биыл 4-ші жыл шет елдік бағдарламамен жұмыс жасап келеді. Тіптен пилоттық жобаны жылдық жоспарға да енгізіп үлгеріпті. Сол себепті суицидті бүкіл әлем ауыр індет деп танып жатқан заманда жаңа бағдарламаны еш тексерусіз оқу процесіне қоса салуды мұғалімдер де ата-аналар да қате шешім деп ойлайды.

Сауалнамадағы сұрақтар тым ашық және қазақ менталитетіне сай деп шағым айтуда ата-аналар.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір