• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 07:52:17
Алматы
+35°

07 Желтоқсан, 2018 Аймақтар

"7-20-25" бағдарламасы бойынша келіп түскен өтініштердің 30%-тен астамы Алматыға тиесілі

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек мәлімдеді

Алматы қаласында «7-20-25» бағдарламасы аясында жыл соңына дейін 600 пәтер беріледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек мәлімдеді.

«7-20-25» бойынша жалпы сомасы 10,9 млрд. теңге болатын 843 пәтер несиесі мақұлданды. Бұдан басқа ағымдағы жылдың аяғына дейін бағдарлама талаптарына сәйкес келетін 600-ден астам пәтер пайдалануға берілмек. Ал «Нұрлы Жер» бағдарламасы аясында биылғы жылы 4 800 отбасы жаңа пәтер алады, өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 20%-ке артты», - деді Б. Байбек.

 «Нұрлы Жол» бағдарламасының аясында 4 200 жұмыс орны құрылып, 111 шақырым инженерлік желі жүргізілді Сондай-ақ, 28 әлеуметтік тұрғын үй және 2 мектепке қосалқы ғимарат салынған.

«Бұл бағдарламалардың барлығы ел экономикасын нығайтуға, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған. Нәтижесінде, осы жылдың өзінде 29 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылып, 2 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілуде», - деп атап өтті.

Сонымен қатар, соңғы 3 жылда 800 км инженерлік жүйе жөнделіп, 500 шақырымға жуық жол салынды және жөндеуден өтті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір