• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 07:37:21
Алматы
+35°

19 Наурыз, 2019 Әлем

5 жасар маугли қыздың алғашқы видеосы жарияланды (видео)

Видеодан кішкентай қыздың сурет салғалы жатқанын байқауға болады. Оның ең алғашқы сөзі "бұл - Фунтик" болды.

Қоқысқа толы пәтерден табылған 5 жасар маугли қыз дәрігерлермен сөйлесіп, ойнай бастады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі сайтының дерегін негізге алып. Ресейлік журналистер маугли қызды видеоға түсіріп алған. 

Видеодан кішкентай қыздың сурет салғалы жатқанын байқауға болады. Оның ең алғашқы сөзі "бұл - Фунтик" болған. Маугли қыз мультфилмдегі кейіпкерді таныпты. Ол басқа да жануарлардың атауын айта алады, бірақ сыбырлап сөйлейді екен. 

Еске сала кетсек, Ресейдің тергеу комитеті Мәскеудегі пәтерлердің бірінен табылған маугли қыздың видеосын жариялаған болатын. Пәтерден табылған қызды құқық қорғау органдарының өкілдері ауруханаға жеткізді. 

Тергеушілердің мәліметінше, пәтердегі қыз анорексияға шалдыққан. Сондай-ақ, қыздың ақыл-ойы дамымай қалған, жергілікті БАҚ оны "маугли" деп атап кетті.

Қоқысқа толы пәтерден табылған қыздың анасы қолға түсті, қазір оны тергеуге алуда. Анасының үстінен «Адам өлтірмек болды» деген айыппен қылмыстық іс қозғалды.

Аударған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір