• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 14:38:18
Алматы
+35°

13 Ақпан, 2019 NEWS

5 қызы тірідей жанып кеткен отбасының көршілері де өртке оранды

Астанада 4 ақпан күні болған жантүршігерлік оқиғада бір үйдің 5 қызы тірідей өрттің құрсауында қалған болатын

Астанада 4 ақпан күні болған жантүршігерлік оқиғада бір үйдің 5 қызы тірідей өрттің құрсауында қалған болатын. Көктал айданында болған бұл қазалы оқиға бүкіл жұртшылықты есеңгіретіп, қабырғасын қайыстырды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Назгүл Мағжан есімді желі қолданушысы өзінің парақшасында 5 қызынан айырылған отбасының көршілері де тілсіз жаудың салдарынан баспанасыз қалғанын жазады. Тағы бір көп балалы отбасының пәтері өртке оранып, үйдің тек төрт қабырғасы ғана қалған.

Цветочная деген көшеде орналасқан бұл үйде 4 баласы бар отбасы тұратын. Өрт шыққан кезде үйдегі адамдар сыртқа шығып үлгерген. Отқа оранған үйді қайтадан қалпына келтіру мүмкін емес.

Өрт

«Өрт сөндірушілер отты түнгі сағат 1:00 шамасында өшіріп бітті. Үйдің төбесі толықтай жанып кеткен, тек қабырғалары ғана қалды. Балаларыммен түннің ортасында көшеде қалдық, барар жеріміз жоқ. Шарасыздықтан мені үрей басты. Денсаулығым нашарлап, есімнен танып қылдым. Көршілер жедел жәрдем шақыртыпты», - дейді 4 баланың анасы Венера Нұрқасымова.

Қазір бұл отбасыға көршілері көмек беріп, бос времянкаға кіргізген. Әрине, уақытша...

Нұрқасымовтар отбасы жағуға жарамды заттарды алып келіп, қыс басталғалы от жағылмаған времянканы жылытуға тырысуда.

«Жанып кеткен үйімізді қалыпқа келтіру мүмкін емес. Қазір уақытша осы времянканы паналап отырмыз, бірақ бұл үйдің пеші тым қауіпті әрі ескі», - дейді Венера.

Балаларының үлкені 14 жаста, ортаншылары 9 және 7-де болса, ең кенжесі 5 жаста екен. Өрт болған күнге дейін балалар үйлерінде жалғыз қалып отырыпты, ал ата-анасы жұмыста болады екен.

Өрт

Венера Нұрқасымова «Қазпошта» бөлімшесінде оператор болып жұмыс істейді, қазір ол уақытша демалысқа шығуға шешім қабылдады. Себебі, қазіргі баспаналарында балаларды жалғыз қалдыру аса қауіпті болып отыр.

Ал күйеуінің айлық табысы – 75 мың теңге, бұл қаражаттың жаңа үй алып немесе оны салуға жетпейтіні белгілі.

-Қазір де қайырымды жандар бар, олар бізге киім-кешек пен тамақ әкеліп беріп жатыр. Алғысым шексіз, ол адамдарға. Бірақ, баспана мәселесін қазір қатты уайымдап жүрмін. Қазіргі времянкада әр күнім қорқынышпен өтуде. Ең бастысы – қауіпсіз баспана болса екен деймін», - дейді 4 баланың анасы.

Ұсынған: Назерке Лабихан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір