• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 16:57:26
Алматы
+35°

21 Мамыр, 2019 NEWS

314 миллиард теңге қайда кетті?

АЭА маңында 2 триллион теңге көлемінде 147 жоба іске асырылады

Қазақстанда 2019 жылдан бастап арнайы экономикалық аймақтар маңында 1200 жаңа жұмыс орынын қамтитын 36 жоба  іске қосылады. Бұл жайында Индустрия және инфроқұрымдарды дамыту жөніндегі министр Роман Скляр айтты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews сайтына сілтеме бере отырып.

"Барлық АЭА инфрақұрылымын салуға жұмсалатын бюджет шығыны 314,3 млрд теңгені құрайды, тартылған инвестиция көлемі 910 млрд теңге. Сонда бюджеттегі 1 теңге жеке инвестициядан 2,8 теңге тартып отырады",- деді Скляр үкімет отырысында. Ең үздік АЭА ретінде Шымкент қаласындағы "Оңтүстік" екенін атап өтті, ол жақта бюджеттің 1 теңгесі 15,5 теңге тартады.

"2021 жылдан бастап АЭА маңында 2 триллион теңге көлемінде 147 жоба іске асырылады. Дәл осы жылы 1,9 триллион теңгеге 111 жоба дайындалады.",- деді ол.

Арнайы экономикалық аймақтар – Қазақстан Республикасының өзіндік шекарасы бар, экономикалық қызметті жүзеге асыру үшін құқықтық режимі бар бөлігі.

Аударған: Бек Байтас

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір