• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 09:34:11
Алматы
+35°

09 Қазан, 2018 Әлеумет

30 балам бар деп мақтанған пайғамбар бәрінен не себепті бір күнде айырылды?

Ежелде қариялар бұл сұрақты да, сұрақ қоюшы адамды да жақтырмай, «Құдайға шүкір, бар ғой, менікі емес Алланікі» деп санын атамай жауап беретін.

"Неше балаңыз бар?" Осы сұрақты алғаш кездесіп, танысқан жандар біріне-бірі жиі қояды. Біздің бала кезімізде де қойылды, қазір де қойылады. Мәселен, 31 арнадағы «Қалаулым» бағдарламасында қыздар мен жігіттер біріне-бірі неше бала жоспарлайсыз деп тікелей сұрап жатады. Жауап берген қыздар бір ұл, бір қыз немесе үшеу деп санын кесіп айтады. Алланың бергенін аламыз дегенді айтатындары мыңның ішінен біреуі ғана. Ежелде қариялар бұл сұрақты да, сұрақ қоюшы адамды да жақтырмай, «Құдайға шүкір, бар ғой, менікі емес Алланікі» деп санын атамай жауап беретін.

Ата-баба салтында қазақ баласын (ұрпағын) санамайды, санын айтып мақтанбайды. Оған дәлел ретінде ертеден жеткен мынадай бір әңгіме бар: Ертеде Дәуіт пайғамбар (Алладан жеткен төрт кітаптың екіншісі «Забур жырларымен» белгілі) атамыздың отыз ұлы болыпты. Намаз оқып тұрып артына бұрылып қараса артында тұрған отыз ұлына көзі түсіп, жүрегіне менің балаларым өзгелерге қарағанда қандай көп деген менмендік пен астамшылық еніпті. Әрине Алла ондайды қаламайды. Сол астамшылықтың салдарынан Дәуіт пайғамбар бір күнде отыз ұлынан түгел айрылып, зарлап қалыпты. Содан Дәуіт Атамыз тәубесіне келіп, күндіз де, түнде де Алладан кешірім сұрап, тынымсыз зарлап, Алладан ұрпақ сұрайтын болыпты. Алла кешірім жасап, Дәуіт пайғамбарға отыз ұлдың орнына дүниедегі барлық жан-жануарлардың тілін білген, он сегіз мың ғаламды билеген әйгілі Сүлеймен патшаны беріпті.

Аталарымыз «Жақсы сөз, жарым ырыс» деген. Ата-баба салтын сақтап, Алладан ұл-қызды молынан сұрап, ұлы даламызды «қарадомалақтарға»  толтырғандарыңыз жөн болады. Баға алмаймыз деп, қауіптенудің түкке де қажеті жоқ. Әр бала мына дүниеге өз несібесімен келеді. «Бір қозы  дүниеге келсе, бір түп жусан артық шығады» деген қазақ мақалы бекерге айтылмаған.

Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім, Маңғыстау

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір