• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 23:40:21
Алматы
+35°

12 Желтоқсан, 2018 Экономика

2018-дегі елеулі экономикалық өзгерістер қандай болды?

2018 жылдың қорытынды экономикалық мәліметтерін ұсынамыз.

Биылғы жылды қорытындылап, жаңа жылға қадам басатын уақыт таяп қалды.  Осы жылы еліміздің экономикасында қандай өзгерістер орын алды? Qamshy.kz ақпарат агенттігі 2018 жылға арналған статистикалық мәліметтерді оқырман назарына ұсынады.

Қазақстандықтардың орташа жалақысы өткен жылмен салыстырғанда 9,3%-ға артқан.2017 жылдың ІІІ тоқсандағы қорытындысы бойынша халықтың орташа есеппен жалақысы 147 988 мың теңге болса, биылғы жылы бұл көрсеткіш 161 783 мың теңгені құраған.

Орташа жалақы мөлшері

Мемлекеттік бюджеттің шығындары 13%-ға азайған. Шығынның төрттен бір бөлігі әлеуметтік көмектерге жұмсалып, осы салаға бөлінген қаражат 20%-ға артқан. Соңғы тоғыз айда әртүрлі салаларға жұмсалған мемлекеттік бюджеттің сомасы 8,1 трлн теңгені құраған. 2 трлн теңге әлеуметтік көмек көрсету салаларына жұмсалса, 1,4 трлн теңгеге жуық қаражат білім саласына, ал денсаулық сақтау саласына 820,4 млрд теңге бөлінген.

Мемлекеттік бюджет

       Банк жүйесінен түсетін пайда соңғы бес жылда ең жоғарғы көрсеткішке ие болды. Биыл  10 айда 566 миллиард теңге пайда түскен. 2018 жылдың қаңтар-қазан айларында Қазақстанның екінші деңгейлі банктерден көрген пайдасы  27,7 трлн теңгеге жетіп, соңғы бес жыл ішінде жыл сайын  2,4%-ға өсіп отырған. Мұндай жоғары өсім – соңғы рет 2016 жылы 36,5 трлн теңге мөлшерінде болған.

Екінші деңгейлі банктер

    Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі соңғы бес жылмен салыстырғанда ең төменгі көрсеткішке жетіп, 4,8%-ды құраған. Жұмыссыздық деңгейінің ең жоғары көрсеткіші  Алматы қаласында тіркелген -11,2%. Бұл 200 мыңға жуық адам жұмыссыз деген сөз. Ал ең аз деңгейі Солтүстік Қазақстан облысында — 3,4 %. Ал жалпы еліміз бойынша жұмыспен қамтылғандар 8,7 миллион адам. Өз бетімен жұмыспен қамтылғандар саны 2,1 млн. адам болса, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 2,8%-ға төмендеген.Жұмыссыздық деңгейі

Қазақстандағы көлік инфраструктурасы саласының ең ірі инвесторы – Қытай: 2018 жылдың алғашқы жарты жылдығының қорытындысы бойынша елімізге салынған  инвестициялардың 31,2% Қытайға тиесілі. 2018-2019 жылдарға арналған жоспар бойынша Қазақстан-Қытай серіктестігіне негізделген 11 жоба іске асады. Оның жалпы сомасы 4,4 миллиард АҚШ долларын құрайды.

 

Балжан ХАЛЫҚ

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір