• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 13:52:25
Алматы
+35°

01 Мамыр, 2018 Фото-баян

20 жыл бұрынғы Астана (фото)

1998 жылы Ақмола қаласы Астана болып қайта аталған еді

Осыдан 20 жыл бұрын Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының астанасы атанды, есіңізде болса 1998 жылы Ақмола қаласы Астана болып қайта аталған еді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Содан бері бас қаламыздың халқы үш есеге өсіп, қала сипаты танымастай болып өзгерді: жаңа көшелер, аудандар, аспанмен таласқан жаңа ғимараттар пайда болды. Сол бір тарихи сәттің куәгерлері медиа орталық тілшілеріне өз естеліктерімен бөлісті. 

Астана

Біздің алғашқы кейіпкеріміз – «ҚТЖ»ҰҚ» АҚ кеңесшісі Фарит Хабибрахманович Галимов. Ол 1996 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бұйрығымен жоғары және орталық мемлекеттік органдарды Ақмола қаласына көшіру жөніндегі Мемлекеттік комиссияның төрағасы болып, ал 1998 жылы Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. Оның айтуынша, астананы көшіру кезеңі еліміздің экономикасында, жалпы еліміздегі барлық саланың қысылтаяң кезеңімен тұспа-тұс келген.

Астана

«Былайша айтқанда, Ақмола қаласы ел астанасы болуға дайын емес еді. Халық көшіп келгенімен қалада адами жылылық та, жылулық та аз еді. Бұл бір ауыр кезең болды. Астананы еліміздің астанасы етіп қалыптастыруға бір еме,с бірнеше жылдар кетті. Бірінші кезекте қаланы ел астанасы деген атқа лайық етіп, қалыпқа келтіру керек болды. Көшелерге тазалық орнату, ол үшін арнайы техникалар керек. Есімде, біз көшіп келгенде Кенесары көшесінде қар белуардан жататын, көліктер калың қардан шыға алмай жүретін. Қазір ондайды көрмейсіз. Бірінші кезекте жылу мен электроэнергияны үздіксіз беруді ретке келтіріп, қаланы тазалау проблемаларын шешу қажет болды», - дейді ол.

«Жанға жайлы Алматыдан келген адамдар облыс деңгейіндегі, ыстық суы жоқ, пәтерлері салқын қалада тұрғылары келмеді. Қала өсіп жатты, сәйкесінше жұмыс барысында кездесіп жатқан, ЖЭО жөндеу, су құбырларын жүргізу, жаңа жолдар салу мәселелерін шешу керек болды. Кейін қаланың бас жоспары жасалды, қаржы тартылып, тәжірибелі мамандар келіп, қордаланған сұрақтар ақырындап шешіліп жатты. Өткен 20 жыл ішінде ғаламат өзгерістер болды. Аймақтық қала ел астанасы деген атқа лайық өсіп, баршамыздың сүйікті Елордамыз болып қалыптасты», - дейді Фарит Галимов.

Ел астанасының көшкені туралы халыққа газеттер мен телерадио эфирлерінен журналистер хабарлап жатты. 1998 жылдың қаңтарында Ақмолаға алғашқы сапарымен «Хабар» агенттігінің тілшісі Марат Мухамедсалиев келді.

«Мемлекеттік органдардың көшіп келгенін және еліміздің басты саяси өмірінің осы қалада жүріп жатқанын ескеріп «Хабар» агенттігі өз филиалын ашты. Ол кезде жаңалықтар қызметі бір қайнаған өмір еді. Күніне екі-үш түсірілімге барамыз, кешкі сағат 18:00-де эфирге жаңалықтар шығады, соған материалдарымызды дайындап үлгеруіміз керек. Қазір ғой, интернеттің арқасында сюжеттерді бір-екі минутта жіберіп үлгереді, ал ол кезде біз спутниктік канал арқылы жіберетін едік және уақыт өте тығыз еді».

Әр ведомство мен мекемелер өз қызметкерлерін халдерінше орналастырып жатты. Біздің журналистер үшін бір үйден екі пәтер сатып алынды да, оларды жатақхана етіп жасап шықты. Бірінде қыздар, бірінде жігіттер тұрдық. Ол үй бұрынғы Слободки ауданындағы Культурной көшесінде орналасқан еді. Жиырма жыл бұрын ол үйдің маңы батпақтан көрінбейтін, үйден шығу үшін аяққа пакет байлап шығатын едік. 

Сауда орталықтары болмады. ОУМ реконструкцияланып жатты және бір шалғай аудандағы үлкен дүкен сияқты дүңгіршіктерге толы болды. Ал саудагерлер әдет бойынша 13:00-14:00 аралығында түстенуге кететін», - дейді ол.

Пойыз

Мараттың айтуынша, ол кезде журналистерге жұмыс жасау қызықты болған, күнде бір айтулы оқиға шығып тұратын.

«1998 жылдың көктемінен бастап біз Астана қаласының халықаралық таныстырылымына дайындықты бастадық. Бар қала бір үлкен құрылыс алаңы сияқты болатын. Көрермендерге қаланың қалай түрленіп жатқаны туралы айтып жаттық: М-1 көпірінің реконструкциясы, қаржы министрлігі ғимаратының құрылысы, көшелер мен алаңдардың абаттануы туралы. Әрине барлық тақырыпты қамту мүмкін емес, бірақ құрылыс қызу жүріп жатты. Сол кездегі қала ырғағы, қаланың болашағына деген сенім менің отбасымды көшіріп алып келуіме себепкер болды. Біз көшіп келгенде қызымыз Камила бес айлық еді. Сол сияқты  астанада жолықтырған әріптестерімнің, достарымның балалары да кішкентай болатын. Ал қазір сол балалар студент, біздің көз алдымызда өсті, сол сияқты қаламыз да көркейіп өсті», - дейді Марат.

20 жыл бұрын Гүлмира Жарменова Білім және ғылым министрлігінде бас маман болып қызмет еткен. 1997 жылдың 18 желтоқсаныңда Ақмолаға бағыт алған поезға отырғанда, ол алда оны жақсы күндер күтіп тұрғанына сенімді болған. Туыстары қимастықпен шығарып салғанымен, Гүлмираның жарқын болашаққа деген сенімі мол болды. Сол тағдырлы шешім қабылдаған кезді осылайша есіне алады.

«Менің көңіл түкпірімде Ақмолада бәрі жақсы болады деген бір жылы сезім тұрды. Жарығы жоқ вокзалдың аязды таңында бізді үрмелі аспаптар оркестрі күтіп алды. Біз сияқты жас мамандарды Ақмола қаржы-экономикалық колледжінің жатақханасына орналастырды. Бір қызығы таңертең барлығымыз ортақ әжетханаға кезекке тұрдық. Бірақ бізді қолайсыз жағдайлар да және ірі мәдени ошақтардың жоқтығы да алаңдатпады. Өйткені, біз таңнан кешке дейін жұмыста болып, жатақханаға кеш келетін едік. Сол жылдардан есте қалғаны қаладағы қарқынды құрылыстын жүріп жатқаны. Таңда троллейбуспен жұмысқа бара жатып ескі үйдің жанынан өтеміз, ал кешке келе жатсақ ол үй жоқ болатын», - деп еске алады Гүлмира.

Станция

Гүлмира Астананың аязына қалай бой үйреткенін есіне алып, бір күлді.

«Алматыдан соң біз әрине жылы киіндік, дегенмен өткен ғасырдың 90-шы жылдарының соңындағы аязға дайын болмадық. Сол кездегі боранды күндердің бірінде мен түс уақытында дүкенге шықтым, сыртқа шықсам желдің қарқыны деген қатты, бала түгіл үлкен адамды ұшырып әкететіндей күші бар. Шыға салысымен мені жел сүйреп әкетті де, көліктер зымырап жатқан жол жиегінде әрең тоқтадым», - дейді Гүлмира. 

Қала өсіп жатты, сонымен бірге Гүлмираның қызметі де өсті. Қазір ол қалалық № 80 мектеп-гимназиясының басшысы.

«Астана туған қаламдай болып кетті. Осы қалада менің жастық шағым өтті, қаламен бірге мен де өстім, есейдім. Астанада ең жақын достарыммен, туыстарыммен таныстым. Ең бастысы, Астанада жүрегім сүйген, көңілім қалаған, құдай қосқан жартымды жолықтырып, отбасын құрдым. Осы Астанада өмірімнің мәні, жүрегімнің жартысы қызым Зейнеп дүниеге келді», - дейді Гүлмира Жәрменова.

Еліміздің бас қаласын көшірген соң жазық далада қайтадан жаңа қала салып шығу керек болды. Ескі қаланың жаңа астана статусына байланысты жаңадан мәдени ошақтарын қалыптастыру керек. Астанада жаңа спектакльдер, көркемдік көрмелер, жаңа қойылымдар қойыла бастады. «Астана Опера» театрының белгілі балетмейстерлері Тұрсынбек Нұрқалиев пен Ғалия Бөрібаева да сол кездерде Астана қаласының тұрғындары атаңды және олар осы жылдар аралығында қаншама халықаралық конкурстардың лауреаттарын, қазақстандық балет өнерінің жұлдыздарын тәрбиелеп шығарды.

 Астана опера театры

 «Қаланың мәдени ошақтарының қалыптасуында театр ерекше орын алады. Біз Тұрсынбек екеуміз Астанаға кәсіби маман ретінде толысқан шағымызда келдік. Мұнда біз Күләш Бәйсейітова атындағы опера және балет театрына жұмысқа кірістік. Онда керемет фон мен ерекше атмосфера болды, соның арқасында жоқтан бар жасалатын еді. Елордаға көшкенге дейін мен талай шетелдік театрлардың сахналарында өнер көрсетіп, билеуге мүмкіндік алдым. Бірақ Тұрсынбек екеумізге өнер аспаныңда қалықтау, өнердің биігіне шығу осы астанада ашылды, алғашқыда Күләш Бәйсейітова театрында жұмыс істедік, қазір «Астана Опера» театрындамыз», - дейді Ғалия Бөрібаева.

Алғашқы жылдары Гүлмираға Сарыарқаның ауа райына бой үйрету қиын тиген. 

«Жұмысқа деген құштарлық, сүйіспеншілік тұрмытағы барлық қолайсыз жағдайды ұмыттырды. Біздің көз алдымызда осындай әдемі қала бой көтерді, «Астана Опера» театры салынды. Шетелдерден келген адамдар біздің театрды, біздің қойылымдарды көріп таңқалғанда менің кеудемді мақтаныш кернейді. Біз Ресейдің халық әртісі, балетмейстр Борис Эйфманнан өте жоғары баға алдық. Ол театрды көріп қызыға да, қызғана да қарап, таңданысын жарыса алмады. Қазір «Астана Опера» театры талантты труппаның, ерекше қойылымдардың арқасында еліміздің мақтанышы және де біздің опералық, балеттік спектакльдеріміз халықаралық стандарттарға сай. Кейде жұмыстан шыққанда театрымызға қарап тұрам да бізде осындай театр болғанына, өзімнің осы театрда жұмыс атқарғаныма мақтанам. Біздің театр айдың нұры төгілген көл бетінде тербеліп келе жатқан аққудай көрінеді маған», - дейді Ғалия Бөрібаева.

Мәтін: Бота Машакова

Фото: Әділхан Ильясов, Астана әкімдігінің баспасөз қызметі, «Астана Опера» театрының баспасөз қызметі

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір