• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:45:55
Алматы
+35°

18 Наурыз, 2019 Ғылым-білім

1 шілдеден бастап ауылдық жердегі мұғалімдер 180 908 теңге жалақы алатын болады

Жоғары санаты бар қала мұғалімінің жалақысы 158 034 теңге, ауылдық жерлерде -180 908 теңгені құрайтын болады.

Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова Жаңаөзендегі бірқатар нысандарды аралады. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

«Ведомство басшысы мектеп-гимназияда педагогикалық құраммен кездесті. Сондай-ақ оған IT және робототехника сыныптарындағы оқушылардың жұмысы таныстырылды», - делінген баспасөз ақпаратында. Былтыр Маңғыстауда 6300 орындық 9 мектеп пайдалануға берілді.

Жаңаөзен қаласында 2018-2019 оқу жылында 2 жаңа мектеп іске қосылды. Жалпы, қалада 24 орта мектеп жұмыс істейді, онда 30579 оқушы білім алады.

Күләш Шәмшидинова атап өткендей, 1 шілдеден бастап бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы 30% артады. Осылайша, жоғары санаты бар қала мұғалімінің жалақысы 158 034 теңге, ауылдық жерлерде -180 908 теңгені құрайтын болады.

Министрдің пікірінше, жалақының артуы мұғалімдердің өмір сүру деңгейін арттырып, жұмыстың сапасына әсер етеді және жас мамандар үшін жақсы ынталандыру болмақ.  

Айта кетсек, жаңадан тағайындалған Білім министрі білім саласына біршама өзгерістер енгізеді, білім саласын жақсартады деген үміт көп. "Әліппені" қайтарамыз деген жаңалықтың өзі көпшіліктің көңілінен шықты. 

Ұсынған: Мақпал Сембай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір